Ауғанстан азаматтарының АҚШ-қа "гуманитарлық виза" сұранысы қабылданбады

АҚШ-қа "гуманитарлық виза" сұраған жүздеген ауған азаматының өтініші федералды көші-қон кеңселері тарапынан кері қайтарылды.

1754914
Ауғанстан азаматтарының АҚШ-қа "гуманитарлық виза" сұранысы қабылданбады

Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) гуманитарлық себептермен уақытша кіруге ниет білдірген жүздеген ауған азаматының өтініштерін федералды көші-қон кеңселері қабылдамады.

АҚШ баспасөзінің хабарына қарағанда соңғы апталарда Талибан қорқытқан жүздеген ауғандық АҚШ-қа бару үшін жасаған «гуманитарлық виза» сұранысына болымсыз жауап алды.

АҚШ Азаматтық және көші-қон қызметтері кеңсесі Ауғанстаннан АҚШ әскері шыққаннан бері «гуманитарлық виза» сұраған 35 мыңнан астам өтінішті қабылдады.

АҚШ Азаматтық және көші-қон қызметтері кеңсесі мәлімдемешісі Виктория Палмер осы аптада 140-тан астам өтінішті қабылдағанын, шамамен 470-ке жуық өтінішті болса қабылдамағанын атап көрсетті.

Көші-қон құқығын қорғаушылар Джо Байден әкімшілігін АҚШ-тың Ауғанстаннан шығуының артынан артта қалған ауғандарға көмектесу туралы уәдесін орындамағаны үшін сынға алды.

АҚШ-та заңды түрде тұрақты тұру мүмкіндігін ұсынбайтын бұл бағдарламаға жыл сайын шамамен 2000 өтініш беріледі және орташа есеппен 500 өтініш қабылданады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігіне қарағанда әкімшілік биыл эвакуацияланған 95 мың ауған азаматын АҚШ-қа қоныстандыруды қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар