Ауған әйелдер үшін арнайы өкіл

Арнайы өкіл ауған әйелдері, қыз балалар және адам құқықтарымен айналысады.

1754476
Ауған әйелдер үшін арнайы өкіл

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ауғанстаннан кеткеннен кейін ауған әйелдер, қыз балалар және адам құқықтары тақырыптарымен ерекше айналысатын арнайы өкіл тағайындағанын білдірді.

Энтони Блинкен бұдан бұрын БҰҰ құрамында бейбітшілік орнату міндетіне де қолдау көрсеткен Рина Амиридің Ауған әйелдер, қыз балалар және адам құқықтары арнайы өкілі ретінде тағайындалғанын хабарлады.

Амириге кеңесші ретінде де Стефани Фостердің тағайындалғанын білдірген Блинкен: «Екі жоғары қабілетті және беделді тұлға Сыртқы істер министрлігінің ауған әйелдері, қыз балалар және адам құқықтарын қолдау үшін маңызды жұмыстар атқарады» деді.



Ұқсас жаңалықтар