Саяхат шектемесін алып тастады

Жарлыққа сәйкес,  аталмыш тыйым 31 желтоқсан күнінен бастап алынып тасталады.

1754171
Саяхат шектемесін алып тастады

Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден коронавирустың Омикрон штамына байланысты Оңтүстік Африка және аймақтағы жеті елге келтірілген саяхат шектемесін 31 желтоқсан күнінен бастапп алып тастады.

Ақ Үйдің жазбаша хабарламасына қарағанда, Байден Африкадағы 8 елге жүргізілген саяхат шектемесін алып тастайтын жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес,  аталмыш тыйым 31 желтоқсан күнінен бастап алынып тасталады.

Байден 26 қараша күні Омикрон штамына байланысты Оңтүстік Африка, Ботсвана, Зимбабве, Намибия, Лесото, Эсватини, Мозамбик және Малавиге саяхатты шектеген болатын.

Аталмыш тыйым шеңберінде АҚШ азаматы немесе ықтиярхаты бар азаматтар осы елдерден Америка Құрама Штаттарына келе алмайтын еді.



Ұқсас жаңалықтар