Ливанда парламенттік сайлау 15 мамыр күні өтеді

Ливан мемлекет басшысы парламенттік сайлауды 15 мамыр күні өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

1754395
Ливанда парламенттік сайлау 15 мамыр күні өтеді

Ливандағы жалпы сайлау күні 15 мамыр болып бекітілді.

Ливан президенттік аппаратының Твиттер аккаунтынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ливан мемлекет басшысы Мишель Аун парламенттік сайлауды 15 мамыр күні өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Мәлімдемеде сондай-ақ шетелдегі сайлаушылардың 6-8 мамыр күндері, сайлауда қызмет атқаратын қызметкерлер, қауіпсіздік күштері және лауазымдылардың болса 12 мамыр күні дауыс беретіні атап көрсетілді.

Ливан премьер-министрі Наджиб Микати кеше сайлауды мамыр айында өткізу туралы шешімге қол қойып, мемлекет басшысы Мишель Аунға бекітуі үшін жібергенін мәлімдеді.

Ливан парламенті 19 қазан күні өткен кезекті отырысында жалпы сайлауды 2022 жылдың 27 наурыз күніне қалдыруға шешім қабылдаған болатын.

2022 жылдың мамыр айында өткізілуі жоспарланған парламенттік сайлаудың Ораза айына сәйкес келгені себепті 2 айға алға жылжығаны айтылды.

Алайда Мишель Аун бұл шешімге «логистикалық жетіспеушілік және диаспора сайлау алға жылжыған жағдайда дауыс бермейді» деген тұжырымға наразылық көрсетіп, жарлықты қайта қарау үшін мәжіліске жіберді.

28 қараша күні Ливан парламенті көпшілік дауыспен президент Мишель Аунның наразылығына қарамастан депутаттық сайлауды 2022 жылдың 27 наурыз күні өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Ал Конституциялық сот болса 21 желтоқсан күнгі дағдарысқа қатысты шешім қабылдап сайлауды алға жылжыту туралы шешімді қабылдамай, Конституция бойынша сайлауды мамыр айында өткізуге үкім шығарған еді.



Ұқсас жаңалықтар