Малайзиядағы су тасқынында 47 адам қаза тапты

Апатта із-түзсіз жоғалған 5 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

1752969
Малайзиядағы су тасқынында 47 адам қаза тапты

Малайзияда нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 47-ге жетті.

Asian News International (ANI)-дың хабарына қарағанда 17 желтоқсаннан бастап 3 күн бойы жалғасқан жаңбырдың артынан Малайзияда көптеген аймақ су астында қалды.

Полиция лауазымдылары су тасқынынан қаза тапқандар санының 47-ге жеткенін, із-түзсіз жоғалған 5 адамды іздестіру жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.

Көпшілігі Паханг провинциясынан 33 мыңға жуық адам эвакуацияланған еді.

Үкімет жаңбыр алдында тиісті ескертулерді жасамағаны себепті қатаң сынға алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар