Иранның ядролық келіссөздерінің 8-ші туры басталды

Иран ресми ақпарат агенттігі алдыңғы турда жалпы негіздегі келісімнің жасалғанын жариялады.

1753230
Иранның ядролық келіссөздерінің 8-ші туры басталды

Иран мен 4+1 елдері (Ресей, Қытай, Англия, Франция, Германия) және АҚШ арасында өтетін 8-ші ядролық келіссөздер үшін тараптар бүгін Австрияның бас қаласы Венада бас қосады.

Иран ресми ақпарат агенттігінің келіссөз делегациясының бір лауазымдыға сілтеме жасап таратқан хабарында жалпы негіз бойынша консенсусқа қол жеткізілгені және егжей-тегжейлердің жаңа кезеңде талқыланатыны атап көрсетілді.

Хабарда келіссөз делегациясында орын алған, бірақ аты-жөні жарияланбаған ирандық лауазымды «Мүмкіндігінше қысқа уақытта жақсы бір келісімге қол жеткізгіміз келеді, бірақ біз жасанды соңғы мерзімдерге берілмейміз. Бұл мерзімдер қызыл сызықтарымызды өзгертпейді. Біз келіссөздер жүргізуге асықпаймыз» деді.

Иран делегациясының Венаға мықты түрде барғанын және қажет болғанша тұратынын атап көрсеткен ресми өкілдің «Алдыңғы турда жалпы негіздегі келісім жасалды, келіссөзшілер жаңа турда мазмұнды талқылайтын болады. Егер қарсы тарап та осы мәселеге назар аударса ілгерілей аламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар