Жүздеген адам Тайландқа қашты

Мьянма армиясы этникалық қарулы топтардың бақылауындағы бір ауданды бомбалады.

1752167
Жүздеген адам Тайландқа қашты

Мьянма армиясы этникалық қарулы топтардың бақылауындағы бір ауданды бомбалады. Жүздеген адамның Тайландқа қашқаны білдірілді.

Елде Мьянма армиясы мен төңкеріске қарсы қарулы топтар арасындағы қақтығыстар жалғасуда.  Армия жасақтары Карен Ұлттық одағы күштерінің бақылауындағы Лай Кай Кав ауданын бомбалады.

Бомбалауға байланысты жүздеген адам өзеннен өтіп, Тайландқа қашты. Қақтығыс салдарынан өткен аптада да 2500 ауыл тұрғыны Тайланд жағындағы Мае Сот аймағына қашуға мәжбүр болған еді.

Аймақтағы қақтығыстар бара-бара артуда.  Қару, бомба және әскери ұшақ дауыстары Тайландтан да естіледі. Жарылыстардан үйлер шайқалады.

Карен Ұлттық одағы БҰҰ-нан Мьянма армиясының әуеден бомбалауын тоқтату үшін Каин уалаятын ұшуға тыйым салынған аймақ деп жарияуын сұраған еді.



Ұқсас жаңалықтар