"Қастандық жоспары жасалуда" деді

Бұл туралы президент Каис Саид мәлімдеді.

1752161
"Қастандық жоспары жасалуда" деді

Тунис президенті Каис Саид еліне қарсы кейбір лауазым иелеріне қастандық жоспарлары жасалғанын айтып, ескертті.

Саид 25 шілде күні қабылданған төтенше шешімдерге қарсыбір оппозициялық топтың аштық ереуілін бастағанын хабарлауынан кейін мәлімдеме жасады. Ол елде біреулердің қастандыққа дейін баратын жоспарлар құрғанын атап көрсетті. «Ішкі істер министріне қарағанда,  қастандық күні туралы айтылған телефон әңгімесі болған» деді ол.

Президент кімге және кім тарапынан қастандық жоспарланғанын білдірмеді.

«Төңкеріске қарсы азаматтар бастамасы» кеше Тунисте араларында депутаттар да бар бір топтың Саидтің 25 шілде күнгі төтенше шешімдерін, оппозицияның даусын тұншықтыруын себеп ретінде көрсетіп,  аштық ереуілін бастағандарын хабарлаған еді.

Каис Саид 25 шілде күні парламенттің жұмысын тоқтатып,  депутаттардың қолсұғылмаушылық құқықтарын алып тастаған болатын. Ол 22 қыркүйек күніатқару органын өзіне бағынышты қылған еді.



Ұқсас жаңалықтар