АҚШ пен Ресей арасында келіссөз басталады

Екі ел осылай деп келісті.

1751258
АҚШ пен Ресей арасында келіссөз басталады

Ресей Америка Құрама Штаттарымен қауіпсіздік тақырыбындағы келіссөздің алғашқы турының жаңа жылда болатынын хабарлады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров баспасөзге мәлімдеме жасап,  елінің АҚШ пен НАТО-ға түрлі қауіпсіздік кепілдіктеріне байланысты ұсыныстарды қамтыған екі келісім жобасын жеткізгенін, Кремльдің Сыртқы саясат кеңесшісі Юрий Ушаковтың АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Салливанмен телефонда сөйлескенін еске салды.

Лавров: «Осы әңгіме нәтижесінде алдағы жұмыстарды ұйымдастыру тақырыбында келісімге келінді. Орыс және АҚШ өкілдері арасында екі жақты келіссөздердің алғашқы туры жаңа жылдың басында болады.  Келіссөзге қатысатын тұлғалар анықталды. Бұлар екі жақ үшін де ыңғайлы» деді.

Лавров АҚШ пен Ресей арасында диалог механизмдері тақырыбында келісімге келінгенін атап көрсетті. Ол Америка Құрама Штаттарының да уайымдарын назарға алуға дайын екендерін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар