Ливияда сайлауды кейінге қалдыруды ұсынды

Тараптар сайлаудың құқықтық ережесін белгілейтін заң жөнінде әлі келісе алмады.

1751145
Ливияда сайлауды кейінге қалдыруды ұсынды

Ливия Ұлттық Жоғары сайлау комитеті 24 желтоқсан күні жоспарланған президенттік сайлаудың 2022 жылдың 24 қаңтар күніне қалдырылуын ұсынды.

Комитет жазбаша хабарлама жасап,  Ұлттық сайлау комитетінің Ливияда биліктің бейбіт түрде өзгеруі үшін еркін және ашық өткізілуі міндетін атқаратынын білдірді. Хабарламада: «Комитет Өкілдер мәжілісімен үйлесімді түрде сайлаудың бірінші турының 2022 жылдың 24 қаңтар күніне қалдырылуын ұсынады» деп айтылды.

БҰҰ басшылығындағы Ливия Саяси диалог форумының 2020 жылғы қараша айындағы жиналыстарында елде президенттік және парламенттік сайлаудың 2021 жылдың 24 желтоқсан күні өткізілуіне шешім берілген болатын.

Алайда Өкілдер мәжілісі мен Мемлекеттік жоғары кеңестен тұратын тараптар сайлаудың құқықтық ережесін белгілейтін заң жөнінде әлі келісе алмады.


Этикеттер: #билік , #сайлау , #Ливия

Ұқсас жаңалықтар