Израиль әскерлері бір палестиналықты атып өлтірді

Израиль әскерлері "көлікті әскерлерге қарай айдады" деген сылтаумен бір палестиналықты атып өлтірді.

1750955
Израиль әскерлері бір палестиналықты атып өлтірді

Израиль әскерлері жаулау астындағы Батыс Шерияда "көлікті әскерлерге қарай айдады" деген сылтаумен бір палестиналықты атып өлтірді. 

Израиль армиясынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Батыс Шерияның солтүстігінде орын алған Тулкерем қаласындағы бір еврей елді мекені маңында "көлікпен басып кету" әрекетінің жасалғаны білдірілді. 

Оқиғада ешбір Израиль әскерлерінің жарақат алмағаны жеткізілген мәлімдемеде "Палестиналық болса залалсыздандырылды" деген сөздер қолданылды. 

"Haaretz " газет болса "көлікпен басып кету" күдігімен палестиналық жас жігіттің атып өлтірілгені және көліктің өртенгені жайлы хабарға орын берді.  

 



Ұқсас жаңалықтар