Астана келіссөзінің 17-ші туры басталды

Түркия, Ресей және Иран делегациялары Нұр-Сұлтан қаласында бас қосты.

1750271
Астана келіссөзінің 17-ші туры басталды

Сирия дағдарысына шешім табу мақсатты қалыптастырылған Астана келіссөзінің кепілгерлері Түркия, Ресей және Иран делегациялары Нұр-Сұлтан қаласында 17-ші рет бас қосты.

Келіссөзге Түркия атынан сыртқы істер министрлігі Сирия бас директоры Селчук Үнал басшылығындағы делегация қатысып отыр.

Ресей атынан президент Путиннің Сирия арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Иран атынан Сыртқы істер министрлігі Саяси істер кеңесшісі Али Аскар Хаджы қатысуда. Келіссөзге Сириядан режим Сыртқы істер министрінің орынбасары Айман Сусан және әскери оппозициядан Ахмет Тума қатысуда.

БҰҰ Сирия арнайы өкілінің орынбасары Хавла Маттар да қатысқан кездесуде Ирак, Иордания және Ливан да «бақылаушы» мәртебесімен орын алды.

Түрік делегациясы алдымен БҰҰ Сирия арнайы делегациясымен кездесті.

Жиналыс екі күн болады.  Жиналыста Сириядағы соңғы жағдай, гуманитарлық көмектердің жеткізілуі, Женевадағы Сирия атазаң комитетінің жұмысының қайта басталуы, тұтқын алмастыру, кепілдікке алынған азаматтардың босатылуы және жоғалып кеткен кісілердің іздестірілуі секілді тақырыптар қаралады.



Ұқсас жаңалықтар