"2022 індетті тоқтататын жыл болуы керек"

Гебрейесус БҰҰ Женева кеңсесінде жылдың алғашқы және соңғы бетпе-бет баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

1750545
"2022 індетті тоқтататын жыл болуы керек"

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус биыл 3,3 миллионнан астам адамның коронавирус салдарынан қайтыс болғанын еске салып, «2022 жыл індетті тоқтататын жыл болуы керек» деді.

Гебрейесус БҰҰ Женева кеңсесінде жылдың алғашқы және соңғы бетпе-бет баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

«Биыл 3,3 миллион адам ковид-19 салдарынан қайтыс болды. Бұл 2020 жылғы HIV/СПИД және туберкулоздан қайтыс болғандар санынан көп» деді ол.

Ол әлемде алаң туғызған коронавирустың Омикрон штамы туралы «Омикронның Дельта штамынан әлдеқайда жылдам тарайтыны жөнінде айғақтар бар. Айырықша екпе алған немесе коронавирустан сауығып шыққан адамдардың жұқтыру ықтималы жоғары» деді.

Гебрейесус жаңа жыл мерекесіне орай елдердегі көп адам қатысатын шаралардың болдырылмауы керектігін атап көрсетті. «Елдер осындай мереке кезінде мұқият болуы керек, қалың адам жиналуына шектеме келтіруі қажет. Осы кезеңде осындай шараларды болдырмау көп адамның өмірін құтқарады» деді ол.

Ол сонымен бірге әлемдегі көптеген кедей елде вакцинацияның жүрмей жатқанын білдірді.

Гебрейесус індетпен күресте бірге қозғалу керектігін атап көрсетті. 2022 жылдың індетті тоқтататын жыл болуы керектігін айтқан ол «Бірақ сонымен бірге барлық елдердің болашақта осындай ірі апаттың алдын алуға инвестиция құятын жылы болуы қажет» деді.



Ұқсас жаңалықтар