Техас штаты қабырға салуды жалғастыруда

Техас штаты қабырға құрылысын қайта бастады.

1749917
Техас штаты қабырға салуды жалғастыруда

Америка Құрама Штаттарында Техас штаты бұрынғы президент Дональд Трамп кезінде жоспарланған, есірткі саудасы мен босқындардың заңсыз кіруіне кедергі болуды мақсат еткен қабырға құрылысын қайта бастады.

Техас губернаторы Грег Аббот жобаны жариялағаннан алты айдан кейін құрылыстың бар қарқынымен жалғасқанын және күніне 100 метрд қабырға салынғанын айтты.

Аббот мұның тек Техас шекара қабырғасы жобасы ғана еместігін, сонымен бірге адам және есірткі саудасының, заңсыз босқын көшіне кедергі болу үшін, азаматтарға қорғаудың басты қадамы екенін білдірді.

Губернатор бұдан бұрын ешбір штаттың өз қабырғасын салуға мәжбүр болмағанын еске салып, Техас Ұлттық күзет жасақтарының да аймақта міндет атқарғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар