Израиль әскерлері палестиналықтарға пластикалық оқ атты

Еврейлер 17-18 желтоқсанда Батыс Шерияда кейбір ауылдарға шабуыл жасап, палестиналықтардың үйлеріне оқ жаудырған еді.

1749774
Израиль әскерлері палестиналықтарға пластикалық оқ атты

Израиль әскерлері жаулау астындағы Батыс Шарияның Наблус қаласында палестиналықтарға пластикалық оқ атты. Оқиғада 15 адам жарақат алды. 

Палестина Қызыл жарты ай қоғамынан жасалған мәлімдемеде кеше Наблустың солтүстігіндегі Бурка ауылында Израиль әскерлерінің палестиналықтарға палестиналық оқ атқаны, оқиғада 15 адамның жарақат алғаны білдірілді. Мәлімдемеде сонымен қатар 52 адамның да көз жасаурататын газдан зардап шеккені баяндалды. 

Израиль әскерлерінің қорғауындағы еврейлер Бурка ауылы маңындағы Хурмеш елді мекенінен көлікпен өткен палестиналықтарға тас лақтыруда. 

Еврейлер 17-18 желтоқсанда  Батыс Шерияда кейбір ауылдарға шабуыл жасап, палестиналықтардың үйлеріне оқ жаудырған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар