ЕО талқылау үстелінде отырғысы келеді

Джозеп Боррель Ресеймен келіссөздерге Еуроодақтың да қатысуы керектігін айтты.

1749826
ЕО талқылау үстелінде отырғысы келеді

Еуропалық Одақтың (ЕО) сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Джозеп Боррель Ресеймен келіссөздерге Еуроодақтың да қатысуы керектігін айтты.

Ол мақаласында аймақтағы соңғы жағдайды талқылады, дипломатияның пікірлес тараптармен серіктестікте жүзеге асырылса жақсы нәтиже беретінін айтты.

«Еуропалық қауіпсіздікке қатысты кез келген мәселеде ЕО әрине үстелде болуы керек» деді ол.

Джозеп Боррель Ресей Сыртқы істер министрлігінің батыстан кепілдік сұрайтын ұсыныс жобасының НАТО-ның еуропалық мүшелеріне де қатысты екенін айтты.

«ЕО бұл талқылаулардың ажырамас бөлігі болуы керек екені өте анық»  деген Боррель Ресеймен кез келген кездесу алаңы үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын (ЕҚЫҰ) көрсетті.

Ресей Америка Құрама Штаттары және НАТО-ға жіберген қауіпсіздік кепілдемесі туралы ұсынысында НАТО-ның шығысқа қарай жайылуын тоқтатуына байланысты кепілдік сұраған еді.

Ресей сонымен бірге Америка Құрама Штаттарының бұрынғы Кеңес Одағы елдері және НАТО-ға мүше емес елдерде әскери база құрмауын талап еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар