Путин Байденмен табысты кездесу өткізгенін айтты

Владимир Путин: "Ресей бейбітшіл бір сыртқы саясат атқаруда. Алайда қауіпсіздігін қамдау құқығына да ие" деді.

1744892
Путин Байденмен табысты кездесу өткізгенін айтты

Ресей президенті Владимир Путин Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденмен табысты бір кездесу өткізгендерін білдіріп:

"Ресей мен АҚШ арасында қауіпсіздік тақырыптарын қолға алатын ортақ бір ұйым құруға шешім жасадық" деді. 

Путин Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакиспен Сочи қаласында өткізген кездесуінен кейін ортақ баспасөз жиналысын ұйымдастырды. 

Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденмен табысты бір кездесу өткізгендерін айтқан орыс лидер:

"Америка Құрама Штаттары тарапы да кездесуді жақсы бағалайды деп қараймын. Кездесу өткізуіміздің өзі маңызды. Ресей мен АҚШ арасында қауіпсіздік тақырыптарын қолға алатын ортақ бір ұйым құруға шешім жасадық" деп көрсетті.

Ресейдің Украинаға шабуыл жасап-жасамайтынына байланысты сұраққа жауап берген Владимир Путин:

"Бұл арандатушы бір сұрақ. Ресей бейбітшіл сыртқы саясат атқаруда. Алайда қауіпсіздігін қамдау құқығына да ие. Бұны ортақтарымызбен, алдыңғы күні Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденмен кеңестік және кеңесудеміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар