Үндістан Бас штаб басқармасы төрағасы мінген тікұшақ құлады

Үндістан Әуе күштері Твиттерден мәлімдеме жасады.

1744619
Үндістан Бас штаб басқармасы төрағасы мінген тікұшақ құлады

Үндістан Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Бипин Рават мінген әскери тікұшақтың құлағанын жариялады.

Үндістан Әуе күштері Твиттерден жасаған мәлімдемеде Бас штаб басқармасы төрағасы Рават мінген IAF Ми-17В5 модель әскери тікұшақтың Тамил Наду маңында құлағанын хабарлады.

Үндістанның мемлекеттік телеарнасы «Прасар Бхарати» жергілікті тұрғындардың жалынға оранған тікұшақты сөндіруге тырысқанын көрсетіп, зардап шеккен үш адамның ауруханаға жеткізілгенін жариялады.

Үндістан Press Trust ақпарат агенттігінің хабарлауынша апатқа ұшыраған тікұшақтың әуе күштері базасынан көтеріліп әскери мектептерден біріне қарай ұшқанын білдірді.

Оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін тергеу басталды.



Ұқсас жаңалықтар