Меркель үшін әскери қоштасу рәсімі өткізілді

Ангела Меркель 8 желтоқсан күні Федералдық мәжілісте ант беретін Олаф Шольцқа міндетін тапсырады.

1742399
Меркель үшін әскери қоштасу рәсімі өткізілді

Германия канцлері Ангела Меркель үшін әскери қоштасу рәсімі ұйымдастырылды.

Ангела Меркель Қорғаныс министрлігінде ұйымдастырылған рәсімде сөйлеген сөзінде 15 жылдық премьер-министрлік міндетінен кейін мейірімділік сезінгенін айтты.

Ол 16 жылдың көбінің қиындықпен өткенін айтып: «Әсіресе эпидемияның соңғы екі жылы саясатқа,  ғылымға және әлеуметтік істерге деген сенімнің қаншалықты маңызды екенін, сонымен бірге қаншалықты нәзік екенін анық көрсетті» деді.

Меркель демократияның жек көрушілік, күш қолдану және дезинформацияға қарсы қорғалуы керектігін айтты.

«Демократиямыз өзін тексеру және жөндеу қабілетімен жетілдіреді. Әрдайым мүдде теңдігі және құрметпен өмір сүреді. Ұйымшылдық және сенімнен нәр алады» деді ол.

Алдағы қиыншылықтарды шешу және болашаққа пішін беру міндетінің келесі үкіметке жүктелгенін білдірген неміс канцлер сондықтан келесі апта міндетті қабылдап алатын болашақ канцлер Олаф Шольцқа табыс тіледі.

Қоштасу рәсіміне Германия президенті Франк Валтер-Штайнмайер және жұбайы, көптеген саясат қайраткері қатысты.

Ангела Меркель 8 желтоқсан күні Федералдық мәжілісте ант беретін Олаф Шольцқа міндетін тапсырады.



Ұқсас жаңалықтар