Ливанда министр отставкаға кетті

Кардахи қызметінен кету себебін Ақпарат министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

1742673
Ливанда министр отставкаға кетті

Ливанда мәлімдемелерімен кейбір Парсы шығанағы елдерінің нысанасына айналған және дипломатиялық дағдарыс тудырған Ақпарат министрі Джордж Кардахи қызметінен кеткенін жариялады.

Кардахи қызметінен кету себебін Ақпарат министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Халқым мен елімнің мүддесі менің жеке мүддемнен жоғары» деген Кардахи қыркүйекте бастаған министрлік қызметінен бүгіннен бастап отставкаға кеткенін айтты.

Кардахи өзі мүше болған Христиан Марада қозғалысының басшысы Сүлейман Франциемен кеңескенін білдіріп, Ливан халқы мен Парсы шығанағында тұратын ливандықтардың өзі үшін зардап шегуін қаламайтынын айтты.

Франция президенті Эммануэль Макронның Парсы шығанағы сапарына назар аударған Кардахи Ливан мен Парсы шығанағы елдері арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту үшін Сауд Арабиясына баратын Макронды қолдау үшін осындай шешім қабылдағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар