Дельтадағы тәжірибелер Omicron-мен күресте жол көрсетуші болады

Касаи жаңа штамның жұқпалылығының тез болуына байланысты одан да көп тест жасалуы керектігін білдірді.

1742516
Дельтадағы тәжірибелер Omicron-мен күресте жол көрсетуші болады

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ДДСҰ Тынық мұхит аймағында кейбір елдер тарапынан қабылданған шекара жабу шараларының коронавирустың Omicron штамымен күресте уақыт ұттыруы мүмкін екенін, бірақ Дельта штамымен күрестегі тәжірибенің жол көрсетуші болатынын білдірді.

ДДСҰ Батыс Тынық мұхиты аймақтық директоры Такеши Касаи 26 қараша күні өткен онлайн жиналыста аймақтағы кейбір елдерде вирус жұқтыру артып отырса, кейбір елдерде оқиғалардың азайғанын немесе тұрақтанғанын айтты.

Omicron штамының «алаңдатушы» деп сипатталғанын еске салған Касаи: «Шекараны бақылау вирустың елде кіруін кешіктіруі мүмкін және уақыт ұттыруы мүмкін.  Алайда әрбір ел мен қоғам жаңа вирус жұғу оқиғаларына дайын болуы керек» деді.

Ол жаңа штамның жұқпалылығының тез болуына байланысты одан да көп тест жасалуы керектігін білдірді.

ДДСҰ аймақтық төтенше жағдай директоры Бабатунде Оловакуре Батыс Тынық мұхиты аймағында Австралия, Гонгкок, Жапония және Оңтүстік Кореяда Omicron штамының байқалғанын айтты.

Үндістан, Сингапур және Малайзияда да соңғы бір тәулікте Omicron штамының жұғу оқиғалары тіркелгенін білдірген ол Дельта штамындағы тәжірибенің Omicron штамымен күресте те жол көрсететінін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар