Жапон теңізінде жүк кемесі суға батты

Көмір тасымалдаған жүк кемесінің 17 экипажының құтқарылғаны, жоғалған 1 адамның іздестірілгені білдірді.

1741741
Жапон теңізінде жүк кемесі суға батты

Жапон теңізінде жүк кемесінің батып кетуі салдарынан 17 адамнан тұратын экипаж құтқарылды, із-түссіз жоғалған бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Панама туы ілінген Houei Crystal атты жүк кемесі Жапонияның батысындағы Шимане уәлаятының жағалауында апат туралы сигнал беріп, көмек сұрады.

Сигналды алған соң аймаққа Жапония Жағалау қауіпсіздік фрегаттары жөнелтілді.

Жүк кемесінің Окиносима аралынан солтүстік шығысқа қарай 380 шақырым жерде суға батып кеткені атап өтілді.

Аймаққа жіберілген Оңтүстік Корея жағалау күзеті кемелері суға батқан кемеден құтқару қайығымен аман қалған 17 экипаж мүшесін құтқарды.

Жапония жағалау күзеті жоғалған адамды іздеуді жалғастыруда.

Батып бара жатқан кеменің Ресейдегі Нахходка портынан Жапонияның Кинуура портына 8 мың тонна көмір тасымалдағаны хабарланды.

Кеме экипажының барлығы вьетнамдықтар екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар