Идлибте атысты тоқтату тағы бұзылды

Идлиб шиеленісті азайту аймағында шабуылдарда 6 бейбіт адам жарақат алды.

1742144
Идлибте атысты тоқтату тағы бұзылды

Сирияда Асад режимі мен оған жақ Иранның бақылауындағы лаңкестік топтардың Идлиб шиеленісті азайту аймағындағы атысты тоқтату келісімін бұзып, бейбіт аймақтарға жасаған шабуылында 6 бейбіт тұрғын жараланды. 

Идлибтің солтүстік шығысындағы Серакиб ауданында орналасқан Асад режимі әскері және Иранға бағынатын шетелдік террористік топтардан құралған режим күштері Идлибтің солтүстік шығысындағы Бинниш ауданына құрлық зымыранымен шабуыл жасап, атысты тоқтату келісімін бұзды. 

Азаматтық қорғаныс көздеріне қарағанда алты бейбіт тұрғын жарақат алды, екеуі ауыр күйде жарақат алды. 

Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. 



Ұқсас жаңалықтар