БҰҰ-ның Ауғанстан мен Мьянма шешімі

БҰҰ-да Ауғанстан мен Мьянма атынан кімнің өкілдік ететіні туралы шешім кейінге қалдырылды.

1741765
БҰҰ-ның Ауғанстан мен Мьянма шешімі

Ауғанстанда Талибан мен Мьянмада әскери төңкеріс жасаған армия Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) үміткерлікке ұсынған өкілетті елшілер қазірше ұйымда өкілдік жасай алмайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Аккредиттеу комитеті Талибанның Ауғанстанда билікті басып алуы (15 тамыз) және Мьянмада армияның (1 ақпанда) әскери төңкеріс арқылы билікке келуінің артынан бұл елдердің атынан БҰҰ-да кімнің өкілдік жасауын талқылау үшін жиналды.

Елдер БҰҰ елші үміткерлерінің есімдерін ұйымға жібергеннен кейін бұл тұлғалар БҰҰ Бас Ассамблеясының Аккредиттеу комитеті тарапынан бекітіледі.

БҰҰ-ның 9 мүшелік комитетінің басшысы, Швецияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Анна Карин Энестрем отырыстан кейін комитеттің БҰҰ-да Ауғанстан мен Мьянма атынан кімнің БҰҰ тұрақты өкілдік ететіні туралы шешімді кейінге қалдырғандарын білдірді.

Талибан мәлімдемешілерінің бірі Сухейл Шахинді БҰҰ тұрақты елшілігіне үміткер болып ұсынған еді.



Ұқсас жаңалықтар