Түрік дәрігер сенаторлыққа үміткер

Мехмет Өз Пенсильвания штатынан Сенатқа Республикалық партиядан үміткер болады.

1741241
Түрік дәрігер сенаторлыққа үміткер

Америка Құрама Штаттарында тұратын әлемге әйгілі түрік кардиохирургы, профессор доктор Мехмет Өз Республикалық партиядан Сенат сайлауына түсетінін жариялады.

Мехмет Өз Пенсильвания штатынан Сенатқа Республикалық партиядан үміткер болады.

Washington Examiner журналына жазған мақаласында 61 жастағы доктор Өз саясатқа неліктен келгені туралы төмендегі сөздерді қолданды:

"Біз үкіметімізге де, бір-бірімізге де ашуланамыз. Дағдарыстарды өткен ұрпақтар сияқты тиімді басқара алмадық. Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті кезінде саясат пен медицинаны араластырған кезде мен шешім үшін саясаттың салмақты орын алғанын көрдім. Сондықтан АҚШ Сенатына мәселелерді шешуге және емдеуге көмектесу үшін үміткермін».

АҚШ-та Ковид-19 салдарынан 750 мыңнан астам адамның қайтыс болғанын және бұл өлім-жітімнің алдын алуға болатынын айтқан дәрігер үкімет пен қабылдаған шаралары сынап, «Америка індетті жеңуде әлем көшбасшысы болуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар