Бес Африка елі бірлесе отырып операция ұйымдастырды

Буркина-Фасо, Гана, Кот-д'Ивуар және Того бірлесе отырып террор ұйымдарына қарсы  операция ұйымдастырды.

1741284
Бес Африка елі бірлесе отырып операция ұйымдастырды

Буркина-Фасо, Гана, Кот-д'Ивуар және Того бірлесе отырып террор ұйымдарына қарсы  операция ұйымдастырды. 

Буркина-Фасо Қауіпсіздік басқармасы төрағасы Махиме Коне жасаған жазбаша мәлімдемесінде 2017 жылы қабылданған қауіпсіздік келісім аясында ортақ шекараларға 5 мың 720 әскер орналастырылғанын білдірді. 

Коне  21-27 қарашада ұйымдастырылған "Koudanlgou 4 Zone 2" атты операцияда 300-ден астам күдіктінің ұсталғанын, көптеген қару-жарақтың қолға түсірілгенін баяндады. 

Сахель аймағанды Буркина-Фасо, Мали және Нигер бірталай уақыттан бері террор ұйымы Әл-Каида және ДАИШ-тің шабуылдарына тап болған еді. 

Террор ұйымдары соңғы жылдарда оңтүстікке қарай бет алып, Того және Кот-д'Ивуар мемлекетіне дейін басып кірген. Осы жағдайға байланысты аймақ елдері ортақ операциялар арқылы террор ұйымдарының күшін әлсіретуге тырысуда. 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар