Премьер-министрлігі жеті сағат созылды

Швецияның тұңғыш әйел премьер-министрі отставкаға кетті.

1738354
Премьер-министрлігі жеті сағат созылды

Швецияда бірінші әйел премьер-министр болып сайланған Магдалена Андерссон жеті сағаттан кейін отставкаға кеткенін хабарлады.

Социал демократ партиясының басшысы Андерссон кеше таңертең парламентте өткен дауысқа салуда елдің тұңғыш әйел премьер-министрі болып сайланған еді.  Артынан  коалиция үкіметінің серігі Жасылдар партиясы оң партиялар дайындаған бюджет парламентте қабылданғаннан кейін үкіметтен кеткенін жариялады.

Жасылдар партиясы үкіметтен кеткеннен кейін премьер-министр Андерссон міндетінен отставкаға кеткенін хабарлады.

Осылайша Магдалена Андерссонның премьер-министрлігі жеті сағат созылды.

Жасылдар партиясының тең төрағасы Пер Болунд: «Оң партиялар дайындаған бюджетпен ел басқарғымыз келмейді, сондықтан үкіметтен шығып кеттік» деді.



Ұқсас жаңалықтар