5-11 жас арасындағы балаларға екпе салуға рұқсат берді

EMA BioNTech-Pfizer вакцинасының 5-11 жас аралығындағы балалар үшін қауіпсіз екенін хабарлады.

1738829
5-11 жас арасындағы балаларға екпе салуға рұқсат берді

Еуропа Одағының дәрі-дәрмек реттеушісі Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) коронавирусқа қарсы BioNTech-Pfizer вакцинасының 5-11 жас аралығындағы балалар үшін қауіпсіз екенін хабарлады.

EMA жасаған жазбаша мәлімдемеде қазіргі уақытта вакцинаның 12 жастан асқандарға рұқсат етілгені және 5-11 жас аралығы үшін қолданылатын дозаның аз болатыны ескертілді.

Мәлімдемеде 2000-ға жуық балаға жүргізілген зерттеу нәтижесінде «кеңес шешімінің» қабылданғаны және вакцина салынған жерде ауырсыну және қызару, шаршау, бас ауруы және бұлшықет ауруы  сияқты басқа жас топтарында байқалатын жанама әсерлердің мөлшерінің бірдей екендігі айтылды.

Мәлімдемеде жанама әсерлердің әдетте жұмсақ болғаны, вакцинациядан кейін бірнеше күнде өткені және осы себептерге байланысты 5-11 жас тобына вакцина салудың пайдасының зиянына қарағанда әлдеқайда көп екендігі атап өтілді.

Pfizer/BioNTech компаниясының Ковид-19 вакцинасы 12-15 жас тобында ешқандай ауыр жанама әсерлер тудырмайтын, өте тиімді екені жарияланды.

Вакцинаның екі дозасы оның екінші дозадан кейін 7 күннен 4 айға дейінгі аралықта 12-15 жас тобында Ковид-19 инфекциясының 100 пайызға алдын алғанын көрсетті.

Мамыр айында FDA (Америка Құрама Штаттарының Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы) вакцинаны 12-15 жас тобына шұғыл пайдалануға рұқсат берген еді.



Ұқсас жаңалықтар