Сербияда әскери зауытта жарылыс болды

Екі жұмысшы қаза тапты.

1738182
Сербияда әскери зауытта жарылыс болды

Сербия астанасы Белградта зымыран мен әскери оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, екі жұмысшы қаза тапты.

Зауытта бірнеше рет жарылыстар болды, түтін қаланың көп бөлігін басып қалды.

Оқиға орнына полиция мен өрт сөндірушілер жіберілді.

2 жұмысшы қаза тапқан оқиғада 16 жұмысшы жарақат алды.

Жарылыстың себебі туралы ешқандай түсініктеме берілген жоқ.

Жарылыс қаупіне байланысты зауыт маңындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Зауыттағы 260 шаршы метрлік қоймада 30 келі жарылғыш заты бар 500 зымыран бар екені айтылды.

Белградтағы Түркия елшілігінен жасалған мәлімдемеде Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның серб әріптесі Никола Селаковичпен сөйлесіп, жарылыс кезінде қаза тапқандар үшін көңіл айтқаны білдірілді.


Этикеттер: #Сербия , #Белград , #зауыт

Ұқсас жаңалықтар