Израильде балаларға екпе егу басталды

Балалар үшін вакцинаның қалыпты дозасының үштен бірі қолданылатыны хабарланды.

1737741
Израильде балаларға екпе егу басталды

Израильде 5-11 жас аралығындағы балаларға коронавирустың жаңа түріне (Ковид-19) қарсы екпе егу басталды. 

Осы жас аралығындағы балалар үшін BioNTech-Pfizer вакцинасының қалыпты дозасының үштен бірі қолданылатыны хабарланды.

Израиль үкіметінің мәлімдемесіне сәйкес, премьер-министр Нафтали Беннет де өзінің 9 жасар кенже ұлы Дэвидті алғашқы екпе дозасын алу үшін Герцлия қаласындағы емханаға апарды.

Беннет вакцинаның қауіпсіз және балаларды қорғайтынын айтып, отбасыларды балаларына екпе салдыруға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар