Путин бір аптада екі рет сөйлесті

Ол Пашиняннан шекарада бітімге бағынуын сұрады.

1737176
Путин бір аптада екі рет сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин бір аптада екінші рет Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефонда сөйлесті.  Ол Пашиняннан шекарада бітімге бағынуын сұрады.

Әзербайжан мен Армения Ресейдің араағайындығымен бітімге қол қойған болатын. Алайда Армения Қарабах тақырыбындағы келісімдерге бағынбай отыр.

Армения Түркия мен Әзербайжанды бір-бірімен байланыстыратын Зенгезур дәлізінің ашылуына қарсы шығып отыр. Ереванның ұстанымы Қарабах шебінде келіспеушілікке жол ашты.  Әзербайжан мазасыздығын Мәскеуге білдірді. Осылайша Путин бір аптада екі рет Пашинянмен сөйлесті.

Путин Пашиняннан әрі Зенгезур дәлізінің тез арада ашылуы сұрады.  Әрі майдан шебіндегі бітімді бұзудың тоқтатылуын талап етті. «Келісім үкімдері кемшіліксіз орындалуы керек» деді ол.

Осы тақырыпта Ресей Армения мен Әзербайжан лидерлеріне бас қостыратын жаңа кездесу үшін дайындық жасап жатыр.

Қарабах тақырыбы Еуропа Одағының да күн тәртібінде. Брюссель желтоқсан айында Әзербайжан мен Армения лидерлерін қонақ қылады. ЕО Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения президенті Никол Пашинянның осы кездесуді қабылдағанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар