Еуропада ковидке байланысты жаңа ережелер

Еуропа Парламентінде мүше елдердің күшейтілген шараларын үйлестіру тақырыбы қаралды.

1737348
Еуропада ковидке байланысты жаңа ережелер

Еуропа Одағы (ЕО) соңғы кезде өте артқан коронавирус жағдайы себебімен мүше елдердің түрлі шараларын сәйкестендіруге және саяхаттарға байланысты ережелерді жаңалауға дайындалып отыр.

Страсбургта жиналған Еуропа Парламенті бас ассамблеясында Еуроодақта ковид жағдайларының артуы және мүше елдердің күшейтілген шараларын үйлестіру тақырыбы қаралды.

ЕО Комиссиясының медицинаға жауапты мүшесі Стелла Кириакидес «Осы тақырыпта бөлінудің алдын алуымыз керек» деді.

Ол «Цифрлық ковид сертификаты» қосымшасының барлық мүше елдерді бірлестірген бір фактор екеніне назар аударды. Ол комиссияның осы аптада Еуропа Одағындағы саяхат ережелерін індеттің жаңа ахуалына орай рейттейтінін айтты.

ЕО-ның індет кезінде саяхатты жеңілдету мақсатымен дайындалған «Цифрлық ковид сертификаты» 1 шілде күні күшіне енген болатын. ЕО Түркияның вакцина сертификатын 19 тамыз күні мойындаған еді.

Сертификат ЕО-да бекітілген BioNTech-Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Johnson & Johnson вакциналарын қамтиды, соңғы дозасынан екі апта өткен адамдарға саяхатта қосымша тест немесе қосымша шектеме көзделмеген.

ЕО елдері соңғы кезде вирус жұқтыру жағдайының артуына орай шектемелерді көбейтті.



Ұқсас жаңалықтар