Путиннің арнайы өкілі Иранда

Лауазым иелері Сирия мәселесін талқылады.

1736763
Путиннің арнайы өкілі Иранда

Ресей президенті Владимир Путиннің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев Тегеранда Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиянмен кездесті.

Иран Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Сирияның астанасы Дамаскіден кейін Тегеранға барған Лаврентьев пен Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Вершинин Абдуллахиянмен «екі жақты қарым-қатынастар, аймақтағы өзгерістер және Сириядағы жағдайды» талқылады.

Кездесу барысында Абдуллахиян Астана процесі аясында «сириялықтар арасындағы келіссөздер елдегі дағдарысты шешудің жалғыз саяси жолы» екенін айтты.

Иран министрі сондай-ақ Ресеймен тұрақты және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытқысы келетіндерін айтып, «Мәскеу мен Тегеранның Сирияны қалпына келтіру үшін бірлесіп жұмыс жасауының» маңыздылығына тоқталды.



Ұқсас жаңалықтар