Екпе алмағандарға мемлекеттік қызмет көрсетілмейді

Кенияда осы уақытқа дейін вирустың кесірінен бес мыңнан астам адам қайтыс болды.

1736890
Екпе алмағандарға мемлекеттік қызмет көрсетілмейді

Шығыс Африкадағы Кения елінде үкімет коронавирустың жаңа түріне (Ковид-19) қарсы екпе алмаған азаматтарына мемлекеттік қызметтердің бетпе-бет берілмейтінін хабарлады.

Кенияның денсаулық сақтау министрі Мутахи Кагве баспасөз өкілдеріне үкіметтің барлық кениялықтардың денсаулығын қорғау үшін Ковид-19-бен күресте түбегейлі шешімдер қабылдағанын хабарлады.

Кагве «31 желтоқсан күнінен бастап ел азаматтары Ковид-19 вакцинациясы туралы құжаттарын көрсетпейінше, мемлекеттік қызметтерді бетпе-бет пайдалана алмайды» деді.

Бұл қызметтерге медицина, білім беру, түрмеге кездесуге бару және иммиграция қызметтері кіретінін атап өткен Кагве вакцинация арқылы  тек қоғамдық денсаулықты ғана емес, ел экономикасын да қорғағысы келетіндерін білдірді.

Кенияда осы уақытқа дейін вирустың кесірінен бес мыңнан астам адам қайтыс болды. Елде анықталған Ковид-19 вирусын жұқтырғандар саны 255 мыңға жақындады.



Ұқсас жаңалықтар