Йеменде хоуситтерге тиесілі 13 нысана жойылды

SPA-ның хабарына қарағанда Араб коалициясы кейбір қалаларға әуе шабуылы жасады.

1736549
Йеменде хоуситтерге тиесілі 13 нысана жойылды

Йемен үкіметін жақтайтын Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция Иран қолдау берген хоуситтерге тиесілі 13 әскери орынды нысанаға алғанын жариялады.

Сауд Арабиясының ресми агенттігі SPA-ның хабарына қарағанда, Араб коалициясы жасаған жазбаша мәлімдемеде хоуситтердің бақылауындағы Сана, Сада және Мағриб қалаларындағы кейбір әскери орындардың әуе операциясымен нысанаға алынғаны» атап көрсетілді.

Мәлімдемеде аталған аймақтарға 13 әуе шабуылы жасалғаны, нысаналар арасында Иран қолдау берген хоуситтерге тиесілі қару қоймалары, әуе қорғаныс жүйелері мен пилотсыз әуе көліктері бар екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар