Ауғанстанда 14 миллион бала аштықпен бетпе-бет

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (UNICEF) мәлімдеме жасады.

1736486
Ауғанстанда 14 миллион бала аштықпен бетпе-бет

Ауғанстанда шамамен 14 миллионға жуық баланың қажетті азық-түлікке қол жеткізе алмайтыны мәлімденді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (UNICEF) кеше Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай жасаған мәлімдемесінде 14 миллион ауған баланың аштықпен күрескенін, оның бір миллионының өлім қаупімен бетпе-бет екенін ескертті.

Жыл сайын әртүрлі іс-шаралармен тойланатын Дүниежүзілік балаларды қорғау күнінің биыл Ауғанстанда тойланбайтыны атап көрсетілген мәлімдемеде елдегі гуманитарлық дағдарыстың әсіресе тамақтанудан мақұрым балалардан бастап қорғаныссыз мыңдаған бала үшін үлкен бір қауіп төндіретіні білдірілді.

Мәлімдемеде елде кедейлік пен жұмыссыздық салдарымен көптеген баланың әртүрлі жұмыста істеуге мәжбүр болғаны, қыздардың балиғат жасына толмай ұзатылғаны білдірілді.

Жартысы қыздар болған 4 миллионнан астам баланың осы мәселелерге байланысты мектепке бара алмағаны, сондай-ақ мыңдаған баланың қызылша ауруына шалдығу қаупімен бетпе-бет екені баса айтылды. UNICEF халықаралық қауымдастықты мыңдаған баланың өліміне жол бермеу үшін Ауғанстанға гуманитарлық көмекті арттыруға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар