Абдулхамид Дибейбе Зувара қаласында зиялы қауыммен бас қосты

Ливия премьер-министрі халықтың «диктатурадан аулақ болатын санаға ие» екенін мәлімдеді.

1736495
Абдулхамид Дибейбе Зувара қаласында зиялы қауыммен бас қосты

Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе елінде 24 желтоқсан күні жоспарланған сайлауға байланысты халықтың «диктатурадан аулақ болатын санаға ие» екенін мәлімдеді.

Министрлермен бірге елдің батысындағы Зувара қаласына барған премьер-министр Дибейбе қаланың зиялыларымен бас қосты.

Кездесудің артынан мәлімдеме жасаған Дибейбе «Бүгінгі таңда халық монархия мен диктатурадан аулақ болатын санаға ие. Аналар балаларының диктатураға жол беретін соғыстың құрбаны болғанын қабылдамайды» деді.

Отанды өшпенділікпен салуға болмайтынын айтқан Дибейбе «Ливиялықтар өткеннің ауыртпалығынан құтылып, болашақты құра алады» деді.



Ұқсас жаңалықтар