С.Америка елдері лидерлері бас қосты

Лидерлер бірқатар мәселеге байланысты шешім қабылдады.

1735895
С.Америка елдері лидерлері бас қосты

2016 жылдан бергі алғашқы саммитінде АҚШ, Мексика және Канада көшбасшылары коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19), көші-қон, даму және қауіпсіздік сияқты салаларда ынтымақтастық туралы үндеу тастады.

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор мен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо АҚШ президенті Джо Байденнің ұйымдастыруымен үш жақты саммит өткізді.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, Солтүстік Америка елдері басшылары 5 жылдан кейінгі алғашқы кездесуінде елдер арасындағы ынтымақтастық пен мықты байланыстарға тоқталды.

Көшбасшылар Ковид-19-бен күрес, жаһандық денсаулықты жақсарту, бәсекеге қабілеттілікті реттеу, тең өсу және аймақтағы көші-қонмен күрес сияқты мәселелерде бірлескен нақты қадамдар жасауға келісті.

Жаһандық есірткі контрабандасы мәселелерінде қадамдар басылуы керектігі баса айтылған жиында 3 ел арасында жеткізу тізбегі бойынша үйлестіру механизмін құру туралы шешім қабылданды.

Жаһандық климаттық дағдарыспен бірлесіп күресу үшін шешімдер қабылданған кездесуде иммиграция мәселелеріне қатысты кейбір ережелердің енгізілуі керектігі айтылды.



Ұқсас жаңалықтар