Ла-Пальма аралында 300 зілзала тіркелді

Ла-Пальма аралында 19 қыркүйектен бері қозғалыстағы Кумбре-Вьеха жанартауының әсерімен 24 сағатта 300-ден астам зілзала тіркелгені білдірілді.

1735781
Ла-Пальма аралында 300 зілзала тіркелді

Испанияның оңтүстік батысындағы Канар аралдары жүйесінің Ла-Пальма аралында 19 қыркүйектен бері қозғалыстағы Кумбре-Вьеха жанартауының әсерімен 24 сағатта 300-ден астам зілзала тіркелгені білдірілді.

Испания Ұлттық География институтының хабарына қарағанда Канар аралдары жүйесінің Ла-Пальма аралында 17-18 қараша күндері арасында жергілікті уақытпен сағат 08.00 мөлшерінде 300-ден астам зілзала анықталғаны хабарланды.

Кумбре-Вьеха жанартауының қозғалуынан бері ең көп зілзаланың соңғы 24 сағат ішінде тіркелгені және ең ауыры түнгі сағат 01.51-де 4.4 баллға жеткені жарияланды.

Бүгінге дейін   мың гектардан астам алаңды қоршаған, 77 километрлік жол мен аймақтағы 2 мың 623 ғамараттаы құлатқан жанартау жалынытеңізге үш жақтан құйылып, аралдың жағалауында 41 гектарлық бір платфлома қалыптастырған.

Мамандар 19 қыркүйектен бері қозғалыста болған және соңғы екі аптада жалынның ағуымен жарылыстар азайған вулканның қысқа уақытта сөнбейтінін межелеуде. 

 



Ұқсас жаңалықтар