30-40 мың тұтқын Исламды таңдайды

Исламды қабылдағандардың басым көпшілігі -афроамерикалықтар.

1736175
30-40 мың тұтқын Исламды таңдайды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) түрмелерінде жыл сайын 30-40 мың тұтқын Исламды қабылдайды.

Зерттеулер көрсеткендей, Америка Құрама Штаттардағы түрмелердегі дін ауыстырғандардың 80 пайызы Исламды таңдайды.

Исламды қабылдағандардың басым көпшілігі -афроамерикалықтар.

Исламның кең тарағанына бірнеше маңызды себептер бар деп есептеледі. Кейбір тұтқындар тазару, өз-өзімен татуласу, қателіктерінен құтылу үшін іздегенінің бәрін Исламнан тапқанын айтады.

Ал басқаларына мұсылмандардың бір отбасы сияқты әрекет етуі және олардың ортасындағы ынтымақ әсер етеді.

Исламның нәсілшілдікке қарсы ұстанымы да маңызды фактор. Атап айтқанда, кейбір Африка текті тұтқындар бұл дінді ұнататынын айтады, өйткені олар мұсылмандар өздерінің түсі мен ұлтына байланысты өздерін шеттетпейтінін байқайды.

Сондай-ақ АҚШ түрмелерінде мұсылман болуды таңдаған көптеген танымал адамдар бар.

Түрмеде Исламды қабылдаған атақтылардың қатарында Мальколм Икс, бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпиондары Майк Тайсон, Бернард Хопкинс және бұрынғы баскетболшы Деметриу Митчелл бар.



Ұқсас жаңалықтар