28 мың ауған өтініш берген

Осы мәртебеге өтініш беру үшін адам басына 575 АҚШ доллары төлеу керек.

1736132
28 мың ауған өтініш берген

Кемінде 28 мың ауған гуманитарлық себептермен Америка Құрама Штаттарына «уақытша қабылдану» үшін өтініш берген.

Федералдық лауазым иелері АҚШ Азаматтық және миграция қызметтері тарапынан тек маңызды себептермен немесе мемлекеттің мүддесіне сай жағдайларда «шартты гуманитарлық эвакуакция» мәртебесі берілетінін білдірді.

28 мыңнан астам ауған азаматы «шартты гуманитарлық эвакуация» мәртебесі үшін өтініш берген.  Осы өтініштер АҚШ Ауғанстаннан кете бастағаннан және Талибан билікті алғаннан кейін басталған.

Лауазым иелері АҚШ-қа уақытша қабылдауды қамдайтын аталмыш мәртебеге тек жүз адамның қабылданғанын хабарлады.

Америка Құрама Штаттарында өмір сүретін ауған отбасылар мен мигранттар қабылдау процесінің баяу болуы өтініш бергендердің өмірлеріне қауіп төндіреді деп ойлайды.

Осы мәртебеге өтініш беру үшін адам басына 575 АҚШ доллары төлеу керек. Яғни бірнеше айда ауғандар осы қызметті алу үшін 10 миллион доллардан астам ақша төлеген.



Ұқсас жаңалықтар