Саяхат шектемесі жүргізілген елдер тізімі жаңаланды

ЕО елдерінің азаматтарына саяхат рұқсаты берілген жағдайда Қытаймен де шекара ашылады.

1735626
Саяхат шектемесі жүргізілген елдер  тізімі жаңаланды

Еуропа Одағы коронавирус пандемиясына байланысты жүргізілген саяхат шектемесіне қосылмайтын елдер тізіміне Индонезияны қосты.

ЕО Кеңесінің хабарламасына қарағанда, ЕО елдеріне мәжбүр емес саяхаттар үшін жүргізілген және шектемелер сатылы түрде алынып тасталуға кеңес берілген елдерді қамтыған тізім жаңаланды.  Соңғы жаңалауға қарағанда, ЕО елдері Аргентина, Австралия, Бахрейн, Канада, Чили, Колумбия, Индонезия, Иордания, Кувейт, Намибия, Жаңа Зеландия, Перу, Катар, Руанда, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Уругвай және Тайваньға бағытталған саяхат шектемесін алып тастауына болады.

ЕО елдерінің азаматтарына саяхат рұқсаты берілген жағдайда Қытаймен де шекара ашылады.

Соңғы жаңалау арқылы тізімге Индонезия қосылды.

ЕО-ның тізімі мүше елдер үшін кеңес ерекшелігінде, орындалуы міндетті емес. Аталмыш тізім екі аптада бір рет жаңаланып тұрады.

Тізімдегі елдерден Еуропа Одағына туристік сапарларға рұқсат беріледі, жолаушыларға тест және карантин секілді қосымша шаралар талап етіледі.

Тізімде орын алмаған елдерге ЕО елдерінің саяхат шектемесі жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар