Кабулдағы шабуылда 2 кісі қаза тапты

Шабуылда 2 кісі қаза тапқаны, 3 әйелді қамтыған 6 кісінің жараланғаны хабарланды.

1735333
Кабулдағы шабуылда 2 кісі қаза тапты

Ауғанстанның бас қаласы Кабулдың батысындағы екі аймақта болған бомбалы шабуылда 2 кісі қаза тапты.

Талибан уақытша үкіметі Ішкі істер министрлігінің мәлімдемешісі Саид Хости Кабулдың батысындағы Дашти Барчи аймағында азаматтарды тасымалдаған көлікке бомбалы шабуыл жасалғанын айтты.

Шабуылда 2 кісі қаза тапқанын айтқан Саид Хости 3 әйелді қамтыған 6 кісінің жараланғанын хабарлады.

Куәгерлер бомбалы шабуылда 4 кісінің қаза тапқанын алға тартты.

Талибанның бір мүшесі Кабулдың Дехбури аймағында азаматтар көлігіне жасалған шабуылда бір адамның қаза тапқанын, 3 кісінің жараланғанын жариялады.

Бомбалы шабуылды әлі ешкім мойнына алмады.  



Ұқсас жаңалықтар