Терхуне қаласынан тағы 2 мазар табылды

Терхуне қаласында анықталған мазар саны 85-ке жеткені білдірілді.

1734759
Терхуне қаласынан тағы 2 мазар табылды

Ливия үкіметі 2020 жылы маусым айында елдің шығысында көтерілісшіл күштердің басшысы Халифа Хафтарға қарасты содырлардан құтқарған Терхуне қаласында екі топтық мазар табылғанын жариялады.

Ливия үкіметіне қарасты Жоғалғандарды іздестіру және анықтау мекемесінен жасалған жазбаша мәлімдемеде  іздестіру және анықтау тобының Терхунедегі екі бөлек орында топтық мазарды анықтағаны білдірілді. 

Табылған мазарлардағы мәйіттердің шығарылуы үшін жұмыстардың басталатыны білдірілді.

Ливия армиясы 25 наурыз күні бастаған «Бейбітшілік дауылы» операциясы аясында  2020 жылы 5 маусым күні  құтқарған Терхуне қаласынан жаңа мазарлар табылып, мәйіттер шығарылғаны және анықталған мазар саны 85-ке жеткені білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар