Ливанға әскери тікұшақ берді

Тапсырылған алты дана MD-530F жеңіл шабуыл тікұшағының құнының 40 миллион доллар екені айтылды.

1735069
Ливанға әскери тікұшақ берді

Ливан армиясы Америка Құрама Штаттарынан әскери көмек мақсатты берілген әскери алты тікұшақты қабылдап алды.

Америка Құрама Штаттарының Ливандағы елшілігінің интернет парақшасындағы хабарламаға қарағанда,  елдің солтүстігіндегі Хамат әскери базасында тапсыру рәсімі ұйымдастырылды. Рәсімге Ливан Бас штаб төрағасы Джозеп Аун және АҚШ-тың елшісі Дороти Шиа қатысты.

Тапсырылған алты дана MD-530F жеңіл шабуыл тікұшағының құнының 40 миллион доллар екені айтылды.

АҚШ-та президент Джо Байден әкімшілігі 9 қыркүйек күні Ливан армиясының модернизациясына бағыттап 47 миллион долларлық әскери көмек пакетін бекіткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар