Беларусьтен көмек ұйымдарына рұқсат беруін сұрады

Боррель Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макеймен сөйлесті.

1733952
Беларусьтен көмек ұйымдарына рұқсат беруін сұрады

Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар жәну Қауіпсіздік саясаты Жоғары комиссары Джозеп Боррель Польша шекарасынан ЕО-на кіргісі келгендерге көмектесу үшін гуманитарлық көмек ұйымдарының аймаққа кіруіне рұқсат берілуін сұрады.

Боррель әлеуметтік желіден Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макеймен сөйлескенін білдірді.  Кездесуде Беларусь-Польша шекарасындағы гуманитарлық жағдайдың талқыланғанын білдірген Боррель: «Адам өмірін қорғау керек және гуманитарлық көмек ұйымдарының жетуіне рұқсат беру қажет» деді.

Боррель шекарадағы қазіргі жағдайдың қабылданбайтынын,  адамдардың қару ретінде қолданылмауы керектігін білдірді.

Ирак, Сирия, Ауғанстан секілді елдерден кеткен мыңдаған адам Беларусьтен, Польша секілді ЕО-ға көрші елдерге кетуге тырысуы соңғы апталарда дағдарысқа себеп болды.

ЕО әкімшілігі Беларусьті осы мигранттарды Еуропа Одағын тұрақсыздандыру үшін құрал ретінде қолданып отыр деп айыптады. Ал Беларусь болса айыптауды қабылдамайды.



Ұқсас жаңалықтар