3 қар барысы Ковид-19-дан өлді

13 қазанда хайуанаттар бағынан жасалған мәлімдемеде қар барыстарымен бірге Суматран жолбарыстарында да вирус байқалғаны хабарланған болатын.

1733733
3 қар барысы Ковид-19-дан өлді

Америка Құрама Штаттарының Небраска штатындағы Линкольн Балалар хайуанаттар бағындағы 3 қар барысы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті өлді.

Линкольн Балалар хайуанаттар бағынан жасалған мәлімдемеде Ковид-19 індетін жұқтырған белгілер көрсеткен Рэнни, Эверест және Макалу атты үш қар барысына өткен айда жасалған сынамада вирус жұққаны анықталғаны және қызметкерлердің жаныуарларды сауықтыру үшін еңбектенгені, алайда құтқару өнім бермегені білдірілді.

Линкольн Балалар хайуанаттар бағында Ковид-19 вирусын жұқтырған тек осы үш қар барысы ғана емес екені де хабарланды.

13 қазанда хайуанаттар бағынан жасалған мәлімдемеде қар барыстарымен бірге Суматран жолбарыстарында да вирус байқалғаны хабарланған болатын.

Линкольн Балалар хайуанаттар бағынан жасалған соңғы мәлімдемеде:

"Суматран жолбарыстары Аксл мен Кумар толығымен сауықты" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар