Араб коалиция күштері хоуситтерге қарсы операция жасады

Операцияларда 125 қарулы хойсит сарбазы залалсыздандырылды.

1732903
Араб коалиция күштері хоуситтерге қарсы операция жасады

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері Йеменнің орталық өңіріндегі Мариб және Бейда уәлаятында жүргізген операцияларда бір күннің ішінде 125 хоусит сарбаздарын залалсыздандырғанын жариялады.

Сауд Арабиясының хабар агенттігі "SPA"-ның хабарына қарағанда Араб коалиция күштері соңғы 24 сағат ішінде Мариб және Бейда уәлаятында хоуситтерге қарсы 22 операция ұйымдастырды.

Операцияларда хоуситтерге тиесілі 14 әскери көлік күйретілді және 125 қарулы хойсит сарбазы залалсыздандырылды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар