Сьерра-Леонедегі жанармай танкері апатында қаза тапқандар саны артты

Елдің бас қаласы Фритаунда 5 қараша күні болған апатта қаза тапқандар саны 131-ге жетті.

1732428
Сьерра-Леонедегі жанармай танкері апатында қаза тапқандар саны артты

Сьерра-Леоненің бас қаласы Фритаунда 5 қараша күні жанармай танкерінің жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны 131-ге жетті.

Төтенше жағдайларды басқару ұлттық агенттігі төрағасы Мохамед Ламрана Бах Фритаунның шығысындағы Веллингтон аймағында болған апатта жарақат алған 63 адамның емделіп жатқанын және олардың 19-ының жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Сьерра-Леонеге 6,6 тонна шұғыл медициналық материал жіберді.

Фритаунда 5 қараша күні жанармай танкері мен басқа бір көліктің соқтығысуы салдарынан жарылыс болып 115 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған болатын.

Апат салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін 3 күндік аза жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар