Швеция премьер-министрі отставкаға кетті

Магдалена Андерссон сайланған жағдайда елдің тарихында тұңғыш рет бір әйел премьер-министр болады.

1732176
Швеция премьер-министрі отставкаға кетті

Швеция премьер-министрі Стефан Лёфвен міндеттен кеткенін жариялады.

Стефан Лёфвен Мәжіліс төрағасы Андреас Норленге отставкасын ұсынды.

Социал демократиялық партиясының төрағалығынан 5 қарашада кеткен Стефан Лёфвен орнына жаңа үкімет құру үшін Экономика және Қазына министрі Магдалена Андерссонды ұсыныс етті.

Гетеборгтағы конгерсте Социал демократиялық партиясы құратын жаңа коалиция үкіметінің осы аптада Парламентте мақұлдануы күтілуде.

Орталық партия да Магдалена Андерссонды қолдайтынын жариялады.

Магдалена Андерссон сайланған жағдайда елдің тарихында тұңғыш рет бір әйел премьер-министр болады.



Ұқсас жаңалықтар